«Н.Исмайлов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші ғимараты 1987 жылы пайдалануға берілген, екінші ғимараты 1962 жылы пайдалануға берілген. Мектептің 1-ші ғимараты типтік жүйеде, ІІІ-қабатты, 624 оқушыға арналған, екінші ғимарат ыңғайластырылған 220 оқушыға арналған. Мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. Мектепте 28 оқу кабинеті, 10 бөліп оқыту кабинеті бар. Мектеп контингенті 516 оқушы. Мектеп 2017 жылда күрделі жөндеуді қажет етеді.
2012 жылы мектеп терезелері (пластик) толығымен ауыстырылған, мектеп құрылғаннан бері ещқандай күрделі жөндеу жүргізілмеген. 2016 жылы мектеп ағымдағы жөндеуден өткен.
Мектептің барлық сынып бөлмелерінің есіктері тозған АКТ залы, асхана, спорт залы, кітапхана бөлмелерін қайта жабдықтауды қажет етеді. Мектептің І-қабаттағы дәліз едені монолит, ІІ- қабаттағы дәліз едені линолиумы ескірген. ІІІ-қабаттағы дәліз еденінің кафельдері сынып қираған, мектеп шатыры толық ауыстыруды қажет етеді.
Мектептің жарық жүйесі ескірген. Мектептің жылу жүйесі ескірген бірақ жылу беру қазандықтарының және су айдағыш насостарының жағдайы жақсы.
Мектеп компьютерлері (принтерлердің тозығы жеткен) ескіріп ауыстыруды қажет етеді.